Вице-министр Қарағандыдағы ІІБ жаңа ғимаратында болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Қарағандыдағы Киров аудандық ІІБ жаңа ғимаратында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Вице-министр Қарағандыдағы ІІБ жаңа ғимаратында болды

Жаңа ғимаратты генерал-майор Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімі Ерлан Қошанов бірге аралап көрді.

Ғимараттың құрылысы 2014 жылы басталған. Тәуелсіздік жылдарынан бері бұл облыстық ішкі істер органдарына арнап салынған алғашқы нысан. Мұнда заманауи кезекшілік бөлімі, асхана, архив, үлкен іс-шара және конференция залдары, демалу, тамақтану бөлмелері бар.
Енді әр қызметкердің барлық қажетті құрылғылармен және жиһаздармен жабдықталған жеке кабинеті бар.



«Жаңа ғимараттың қажеттілігі бұрыннан айтылып келе жатқан еді. Ескі ғимарат 1961 салынған, оның үстіне күрделі жөндеу қажет болатын. Енді мұндай ыңғайлы ғимараттың ішінде отырған полиция қызметкерлеріне аянбай еңбек етіп, өздерінің қызметтік борыштарын адал атқару ғана қалды»,-деді Қарағанды облыстық ІІД басшысы Мергенбай Жаппаров.


Вице-министр Киров аудандық полиция бөлімінің барлық ғимараттарын аралап көрді.
null