Вице-министр Петропавлдағы оқыс оқиға болған мектеп туралы ақпарат берді
«№4 орта мектепте 2 ауысыммен сабақ оқиды, 39 сынып, 984 оқушы, мұғалімдер штаты – 70, оның ішінде біреуі психолог.
Мектепте және оның аумағында 42 бейнебақылау камерасы және «СА BARS NEXT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосылған (шақыру түскен уақытта жылдам қимылдауды қамтамасыз етеді) 5 дабыл белгісі бар», - деді ол.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, оқиға болған күні мектептің 1 қабатында күзетші-вахтер болған.
«Тергеу барысы бақылауға алынды, оның нәтижелері бойынша қылмыс пен заңды бұзудың себептері мен жағдайларының алдын алу туралы ұсыным енгізіледі», - деді Марат Қожаев.
Еске салсақ, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған болатын.
Кеше түс кезінде оқиға кезінде зардап шеккен оқушылар жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.