Вице-министр: Түркияға барған құтқарушылардың бәріне ақшалай сыйақы төленеді
«Түркияның зілзала болған аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан қазақстандық мамандарға арнайы сыйақы беріле ме?», - деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
«Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркияға барған құтқарушылардың бәрі марапатталатынын айтқанын білесіздер. Бүгінгі таңда Төтенше жағдай министрлігі құтқару операциясына құтқарушылардың тізімі мен бүкіл құжаттарын Президент Әкімшілігіне жолдады.
Ал ақшалай сыйақы бөлуді министрлік өз бюджетінен қарастырады. Бәріне төленеді», - деді вице-министр.
Сондай-ақ ол Түркиядағы қазақтандық құтқарушылардың соңғы легін өзі ертіп елге қайтқанын айтты.
«18 ақпанда бірінші топ, 19 ақпанда екінші топ елге қарай ұшып шықты. Соңғы топты мен өзім ертіп шықтым. Қазір Түркияда қазақстандық құтқарушылар қалған жоқ», - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Фото: t.me/qr_tjm