Вице-премьер Ә.Исекешев Қарағанды облысындағы иннвовациялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты

ҚАРАҒАНДЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының барысында аймақтағы инновациялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
None
None

Вице-премьер «Технологиялық газдарды тазартудың өнеркәсіптік модулі» жобасы іске асырылып жатқан «ABsalut Ecology» ЖШС-на барды. Компанияның ақпаратынша, қазіргі уақытта газ тазартқыш қондырғысының жаңа моделін зерттеулерді өткізуге арналған сынақ полигонының құрылысы аяқталған.

Ә.Исекешев сондай-ақ, «Ригер» ЖШС-нің медицинаға арналған бұйымдарды және дәрілерді сақтайтын мамандандырылған логистикалық кешен жұмысымен танысты.Бұл орталық өткен жылдың желтоқсан айында ашылды. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Бұдан басқа, жұмыс сапарының барысында Ә.Исекешев облыс жұртшылығымен ел Президентінің халыққа «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топ жұмысының аясында кездесу өткізді. Кездесуге ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, кәсіпорындардың басшылары келді.

Премьер-Министрдің орынбасары азаматтармен жеке қабылдау өткізді.

Сапар соңында Ә.Исекешев аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты, онда үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының Қарағанды облысында іске асырылу барысы қаралды.

Соңғы жаңалықтар