Вице-премьер Ә. Исекешев Қарағандыдағы ЖЭС-3-тің жағдайымен танысты

ҚАРАҒАНДЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бүгін Қарағандыға жұмыс сапарымен келді.
None
None

Вице-премьер бірінші кезекте Қарағандыда 12 ақпан күні ірі апат болып, салдары қаладағы электр және жылумен қамтудың ауқымды сөндірілуіне соқтырған ЖЭС-3-тің жағдайымен танысты.

«Біз апаттың себептерін мұқият қарап, инженерлік техникалық құраммен талқыладық. Ең бастысы, энергия және жылумен қамту бойынша шаралар уақтылы қабылданды. Біз осындай төтенше жағдайлардың болуына жол берілмеуі үшін қандай шараларды қолдану жоспарда бар екенін тағы бір қарастырдық. Менің ойымша, қазіргі кезде жағдай тұрақталды, және тұрақты болып қала береді», - деді Ә. Исекешов стансаға барған соң.

Станса қызметкерлері төтенше жағдаймен күресе білді, деп есептейді вице-премьер. «Біз стансаның басшылығымен осындай жағдай қайталанбас үшін күрделі шараларды қабылдау қажеттілігі туралы әңгімелестік. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын», - деп қосты ол.

Осы екі арада болған оқиғаның себептерін комиссия қарастыруы керек, деп атап өтті Ә. Исекешов.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 12 ақпанында Қарағандыдағы ЖЭС-3-те ірі апат болып, соның салдарынан стансаның жұмысы толық тоқтатылды. Қаладағы Оңтүстік-Шығыс, Майқұдық және Шахты маңы аудандары электр қуатынсыз және жылусыз қалды. Апатқа ашық үйлестіру құралындағы ажыратқыштардың мұздалуы себеп болды. Ылғалдың тиюінен айқас тұйықталу болып, қорғаныс жүйесі іске қосылды.

Қарағанды облысының әкімдігі апатты жою барысын бақылауына алды. Сол күні кешке қарай оның зардаптары жойылып, қаладағы электр және жылумен қамту жүйелері қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар