Вице-премьер Ә. Исекешев Жапонияның жетекші компанияларымен жасыл экономика және энергия үнемдеу технологиялары мәселелерін талқылады

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің Жапонияға сапары жалғасуда.
None
None

ҚР ИЖТМ Ақпарат басқармасының хабарлауынша, бүгін вице-премьердің басшылығымен қазақстандық делегация бірқатар жапон компанияларымен және ұйымдарымен кездесті. Олардың ішінде: NEDO (Индустриялық технологияларды және жаңа энергияны дамыту ұйымы), JICA (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Жапония агенттігі) және JAPC (Жапония атом энергетика компаниясы).

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты күшейтуге мүдделілік танытты.

Мысалы, JICA басшылығымен кездесу барысында осы ұйыммен Қазақстанның ынтымақтастығы белсенді дамуда екендігі атап өтілді.

Тараптар Токио қаласында «Орталық Азия + Жапония» диалогы шеңберінде сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі 4-ші кеңестің қол жеткізілген уағдаластықтарын; Қазақстандағы табиғи апаттардың алдын алу және салдарларын жою саласындағы техникалық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі JICA жоспарларын; «Жаһандық проблемалар бойынша ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық» (SATREPS) жапон үкіметтік бағдарламасына Қазақстанның қатысуын талқылады.

Тараптар JAPC-пен кездесуде энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық бойынша мүдделілікті атап өтті.

NEDO-мен келіссөздер барысында Қазақстан үшін мынадай маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселесі талқыланды: термоэлементтер мен (күн) фотоэлементтер шығару жөніндегі технологиялар; жасыл экономика және энергия үнемдеу технологиялары; жаңа буын аккумуляторларын шығару жөніндегі технологиялар; суды тазарту жөніндегі технологиялар; жарықтандырудың жарық диодты шамдарын шығару жөніндегі технологиялар.

Күннің екінші жартысына экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екі елдің үкіметтік және жеке секторларының бірлескен комиссияның 4-ші отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар