Вице-премьер Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Қарағандыға келді

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің басшылығымен жұмыс тобы Қарағандыға келді.
None
None

Сапар мақсаты - Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін түсіндіру және өңірдегі ҮИИМДБ іске асырылу барасын талқылау.

Күннің бірінші жартысында Әсет Исекешев ағымдағы жылғы 12 ақпанда турбиналары бірнеше сағатқа тоқтаған 3-Жылу электр орталығының жұмысымен танысты. Сол күні тоқтау себебі жойылды және стансы жұмысын штаттық режімде жалғастырды.

Сондай-ақ, Әсет Исекешев облыстың кәсіпкерлерімен, ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізді.

Атап айтқанда, кездесуде елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің кең ауқымы, оның ішінде мемлекет жүргізіп отырған индустриялық-инновациялық саясат, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларын дамыту бағдарламалары талқыланды.

Күннің екінші жартысында өнеркәсіптік кәсіпорындарға бару және ҮИИМДБ жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар