Вице-премьер: Спорт резервін даярлаудың ұлттық моделін әзірлеуді тапсырамын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорт резервін даярлаудың ұлттық моделін әзірлеу қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Олимпиадалық спорт түрлерінен алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін зерттеп, спорт резервін даярлаудың ұлттық моделін әзірлеуді тапсырамын. Кей азаматтар «база жоқ, анау аз» деген әңгімелерді де көтеріп жатыр. 2008 жылғы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда, 2016 жылы Рио-де Жанейрода болған Олимпиадаларда керемет нәтижелерге жеттік қой. Сол кездегі базамен бүгінгі базаның айырмашылығы бар емес пе?! Ол кездегі материалдық базаның деңгейі төмен болды ғой. Неге сол кезде осындай үлкен нәтижеге жеттік? Неге десеңіздер, ол көптеген ұйымдастыру мәселелерімен байланысты. Сондықтан осыны ойлауымыз керек», - деді вице-премьер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Вице-премьер паралимпиадалық ойындарға қатысқан спортшыларымыздың жақсы нәтиже көрсетіп жүргендігіне назар аудартты.

«Токидодағы нәтижелерін қарасаңыздар көп жоғары. Олар қандай жағдайда спортпен айналысып жатыр? Сондықтан осы мәселелердің бәрін ескеруіміз керек. Мұны да қарастырамыз», - деді Ералы Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар