ВИДЕО: СҚО қаржы полициясының қызметкері «Жди меня» телехабарында бойжеткенге әкесін табуға қол ұшын берді

«Жақында маған «Жди меня» бағдарламасынан телефон соғып, менің ата-анамды көп жылдардан бері достары іздеп жүргендігін айтты. Әңгіме барысында олар іздеуде жүрген адамдарды біздің өңірден қарап көруді ұсынды. Әрине, мен жалғыз іздеген жоқпын, маған достарым мен әріптестерім көмектесті», - деді Д.Ли 4 қазан күнгі бағдарлама барысында.
Жүргізуші Михаил Ефремов мені «аса құнды көмекші» деп атады. «Ол біздің сайтымыздан өзінің ата-анасын достары іздеп жүргендігін көріп, сосын бізге көмектеспекші болды, біз оған Петропавлдан іздеп көр деп бірнеше тарихи оқиғалардың сюжетін ұсындық. Міне осылардың бірі - сіздің хатыңыз», - деді жүргізуші әкесін іздеп келген қызға бағыттап.
Іздеушінің сөзі бойынша әкесі қызының бар екенін білмейтін көрінеді. «Олар Қазақстанда танысып, кейін мамам ауыр аяқты кезінде аралары суып, хабарласпай кеткен сияқты. Сондықтанда ол менің бар екенімнен беймәлім. Менің білетінім ол Қазақстанда, Петропавл қаласында тұрады», - деді қыз бағдарламада. Михаил Ефремов қызға әкесімен қалай байланысуға болатынын жеткізді.
«Жақын адамдардың табысқандары көңілге қуаныш әкеледі», - деп санайды Дмитрий Ли.