Видеорегистраторы жоқ сақшылар жүргізушіге шара қолдана алмайды - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Видеотіркегіші жоқ тәртіп сақшылары жол қозғалысының ережесін бақылауға жіберілмейді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгінге дейін полиция қызметкерлерінің 80 пайызы видеорегистратормен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін бұл бағытта жұмыс жүргізіледі», - дейді Әлібек Кеңіспаев.

Оның айтуынша, жол ережесін бұзған адамның әрекеті нақты айғақпен дәлелденуі керек.

«Иә, шынында да, видеорегистратормен қамтамасыз етілмеген полиция автопатрулі жол қозғалысын бақылауға жіберілмейді. Өйткені, нақты фактілер мен айғақ міндетті түрде видеорегистраторға тіркелуі керек», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар