Видеороликте нәрестені аяусыз ұрған әйел Өзбекстаннан табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Видеода кішкентай сәбиді аяусыз ұрған әйел Өзбекстаннан табылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат депараментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Видеороликте нәрестені аяусыз ұрған әйел Өзбекстаннан табылды

«Өзбекстан Республикасы ІІМ-мен бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында көрші мемлекет аумағынан шақалаққа қатыгездік көрсеткен күдікті Өзбекстан азаматшасы анықталып, одан жауап алынды. Әйел кінәсін толықтай мойындады. Соталды тергеу аясында күдіктіге қатысты сондай-ақ, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені  және ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады ол.

Алмас Сәдубаевтың айтуынша, қазір күдіктінің тұрғылықты орны бойынша қылмыстық іс материалдарын Өзбекстан Республикасына беру туралы халықаралық тапсырма әзірленуде. 

Еске салайық, видео Instagram әлеуметтік желісінде тарады. Кадрда әйел диванда отырып, жасқа толмаған нәрестені аяусыз шапалақтап жатқаны анық көрінеді. Ол «аузыңды жап» деп айғайлап, баланы басынан, бетінен аяусыз  ұрады. Кейін ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев әйелдің жеке басы анықталғандығын хабарлаған болатын.  

Прошу, простите за негативные новости со вчерашнего дня, но пройти мимо не можем(((( Скажите кто-нибудь владеет какой либо информацией? Надо найти ее и спасать ребенка!! Помогите найти автора или эту бессердечную тварь🙏🏻🙏🏻 #репост

Видео опубликовано @club_dobryakov_almaty Ноя 10 2016 в 10:37 PST