VIII Инновациялық конгресте 20 млн. еуронын меморандумдарына қол қойылды - АЭФ

Инновациялық конгресс 400-ге жуық халықаралық және қазақстандық сарапшыларды, Үкімет өкілдерін, жергілікті басқару органдарын, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларын, даму институттары мен инновациялық кәсіпкерлерді жинады.
Конгресс бағдарламасы бойынша, бүгін пленарлық отырыс өтті. Сонымен қатар «Қазақстан мен Еуропалық одақтың инновациялық ықпалдастығы», «Қазақстан экономикасы шағын және орта бизнес секторының технологиялық міндеттері» атты екі панельді сессия ұйымдастырылды.
Іс-шара шеңберінде инновациялық жобалардың екі бірдей көрмесі ашылып отыр.
Инновациялық конгресс кезінде экономикалық нәтижесі 20 млн. еуро болатын 13 меморандумға қол қойылды. Олардың ішінде Қазақстан-Америка технологиялар трансфертінің орталығын құру, бақбақтан жоғары технологиялық каучук өндірісін жолға қою, «Қазақстанның инновациялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инженерлік-техникалық мамандарын оқыту жөніндегі әріптестік және өзара түсіністік туралы меморандумдар бар.
Когрестің ұйымдастырушылары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ.