Виктор Мозес «Қайсар» командасының қатарына қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы танымал футболшы Виктор Мозеспен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді. 

Виктор Мозес «Қайсар» командасының қатарына қосылды
Фото: «Қайсар» ФК

Қос тарап арасындағы келісімшарт 1+1 жүйесінде жасалды. Тәжірибелі аяқдопшы сапында 11 нөмермен өнер көрсетеді.

Виктор Мозес 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген. Англияның «Кристал Пэлас» командасының түлегі алдымен сол клубта 2007 жылы мансабын бастап, одан кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер», Ресейдің «Спартак» клубтарында доп тепкен. 2012-2018 жылдары Нигерия ұлттық құрамасының намысын қорғады.  

футболшы
Фото: «Қайсар» ФК

Айта кетсек, осыған дейін Мозес ағылшындық Лутон Таун командасында 18 ойын өткізіп, шілде айында аталған клубтан кетті. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан UEFA рейтингіндегі бұрынғы орнын сақтап қалғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар