Виктор Янукович Украина Президенті қызметіне ресми кірісті

ИЕВ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Янукович мемлекет басшысы қызметіне ресми кірісті.
None
None

Бейсенбі, ақпанның 25-і күні өткен Жоғарғы Рада мәжілісінде ол ант қабылдады.

Конституциялық сот басшысы Андрей Стрижак өңірлер партиясының жетекшісіне Президент қызметіне кіріскені туралы куәлік және Президент белгісі, мөр және аса сияқты мемлекет басшысының ресми рәміздерін табыс етті. Содан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Шаповал Виктор Януковичке Украина Президентінің жеке басының куәлігін табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, В.Януковичтің инаугурация рәсіміне қатысу үшін Киевке 100-ден астам делегация келді.

Соңғы жаңалықтар