Виктория Графеева әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Виктория Графеева (60 келі) қола медаль алды.

Чемпионат мира по боксу: Виктория Графеева завоевала «серебро»
Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз жартылай финалда бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында ол қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Аида Әбікеева (65 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Ал 13 қыркүйекте Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.

Бүгін ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) жартылай финалға жолдама алды.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар