Виктория Графеева жартылай финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Виктория Графеева жартылай финалға жолдама алды. 

Виктория Графеева жартылай финалға өтті
Фото: ҰОК

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалында өзбек қызы Ситора Турдыбековамен жқдырықтасты. тартысқа толы айқаста Виктория төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан 13 боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар