Вильнюсте адам сүйектері салынған 9 қап табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Литваның Вильнюс қаласындағы көне аудандарының бірінде адам сүйектері салынған 9 қап табылды. Бұл Irytas.lt сайты хабарлады.

Вильнюсте адам сүйектері салынған 9 қап табылды

Құқық қорғау органдарына үйлер арасынан сүйектер салынған қаптар табылғанын айтып, жергілікті тұрғын жүгінді. Полицейлер учаскені тексеріп, әйелдің шындықты айтқанына көздерін жеткізді.

Сүйектер құрылыс қалдықтарымен бірген қапқа салыныпты. Бұл  жер учаскесі 2015 жылы жеке меншікке сатып алынған. Онда құрылыс жұмыстары басталған. Кейіннен құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

Бұдан бұрын аталған орыннан адам сүйектері табылған. Өйткені бұл жер бұрынғы зираттың орны болып шыққан.

2016 жылғы маусымда Вильнюсте археологтар Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында ұлтшылдар жаппай кісі өлтірген  орында жерасты тоннелін тапқан. Жерасты жолын 1944 жылы жазасын өтеушілер қасықпен қазған.  Сол жылы сәуірде олар қашып кетуге әрекеттенген. Жер асты арқылы 40 адам өтіп, 11-і орманда жасырынып, кейіннен партизандар қатарына кірген. Қалғандарын ұлтшылдар ұстап, атып тастаған.