Вильнюсте «Қазақстан - Литва мектеп оқушыларының көзімен» атты сурет байқауы өтті

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Кеше, 10 қарашада Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орайластырылған «Қазақстан - Литва мектеп оқушыларының көзімен» атты балалардың сурет байқауы өз мәресіне жетті,
None
None

деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі.

Салтанатты шараға Ауыл шаруашылығы комитетінің төрағасы, Литва Сеймінің Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастық тобының басшысы Э. Пупинис, Утяна көркемдік мектебінің директоры Й. Плецкявичюс қатысты.

Утяна қаласының үш гимназиясының және төрт мектептің оқушылары қатысқан конкурста Қазақстан туралы жүзден астам суреттер көрсетілген.

Өз жұмыстарында 9 және 14 жас аралығындағы жарыскерлер қазіргі Қазақстанды қалай елестететінін бейнелеп көрсетуге тырысты. Қазақстанның астанасы және оның нышаны - Бәйтеректі кейіптемек болған балалардың туындылары қанық бояулы, жанды және шығармашылық жағынан қызықты болды.

Жюридің қорытындылары бойынша жас жеңімпаздарға естелік жүлделер тапсырылды. Байқаудың жеңімпазы болып - 12 жастағы Виктория Лукошюте атанды. Екінші орын 11 жастағы Эмилия Паташютеге берілді, ал үшінші орын 10 жастағы Эвелина Гедзевичютеге бұйырды.

Қатысушылардың ең жақсы суреттері арнайы каталогқа енгізіледі және ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін LITEXPO көрмесінде көрсетіледі.

«Қазақстан - Литва мектеп оқушыларының көзімен» атты балалар суреттерінің конкурсы биыл 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында Қазақстанның Литвадағы Елшілігі және Утяна көркемдік мектебімен ұйымдастырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар