Вильнюсте өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 18 сессиясына Қ. Сұлтанов бастаған қазақстандық парламенттік делегациясы қатысты

қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов бастаған қазақстандық парламенттік делегация қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қауіпсіздік саласындағы жаңа қатерлерге қарсы тұру мәселелеріне арналған сессия жұмысында Ассамблея Төрағасы Жоау Соареш, Литва Президенті Валдас Адамкус, Сейм Төрағасы Арунас Валинскас, Премьер-министрі Андрюс Кубилиюс сөз сөйледі.
Парламентшілер ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П.Де Бришамбо, қазіргі төрағасы - Грекия сыртқы істер министрі Д.Бакоянни, Ассамблеяның Бас хатшысы С.Оливердің есептерін, сондай-ақ Литва сыртқы істер министрі В.Ушацкастың баяндамасын тыңдады.
Министр Дора Бакоянни Ассамблея мүшелерін грек төрағалығының негізгі үш басым бағыттары: ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қаржы-экономикалық дағдарысының зардаптарына ықпал ету, Грузияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік туралы келісім жасау жөніндегі жоғары деңгейдегі кездесулер уйымдастыру сынды мәселелерге назар аударды.
Жалпы отырыста сөз алған сенатор Қуаныш Сұлтанов әлемдегі, оның ішінде Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған Қазақстан бастамалары туралы баяндама жасады. Ол ЕҚЫҰ парламентшілерін тамыздың 29-ын жаппай қырып-жою қаруларынан бас тартудың дүниежүзілік күні ретінде жария ету және оны БҰҰ қарауына ұсыну туралы Президент Н. Назарбаевтың ұсынысы туралы хабардар етті.
Қ.Сұлтанов сондай-ақ Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының Астанада өткен ІІІ Съезінің нәтижелеріне әріптестерінің назарын аударды.
Өркениеттер арасындағы үнқатысуды нығайтуға Әлем және дәстүрлі діндер басшылары Съезінің қомақты үлесін атап өте келіп қазақстандық сенатор ішкі тұрақтылықты нығайту, діни сенім мен көпконфессиялық келісімді бекемдеу жөніндегі Қазақстанның тәжірибесі көптеген елдерге, оның ішінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерге де өнеге бола алады, - деді.
Саясат мәселелері және қауіпсіздік комитетінің отырысында ЕҚЫҰ аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы Комиссары Кнут Воллебек аз ұлттар өкілдерін мәдениет пен білім беруде көтермелеу және қолдау жөніндегі Қазақстанның саясаты туралы ақпаратты қанағаттанғандықпен қабылдады.
Жыл сайынғы 18 сессияның нәтижелері бойынша Вильнюс декларациясы қабылданды.
Құжатта ЕҚЫҰ-ның түрлі қызмет бағыттары бойынша 28 қарары бар. Бұл - ЕҚЫҰ рөлінің арта түскені, сайлауды байқау, азық-түлік қауіпсіздігі, әлемдік қаржы дағдарысы, адам құқы және азаматтық бостандық, энергетикалық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, су ресурстарын басқару, интернеттегі пікір білдіру еркіндігі, Еуропадағы қарулар мен қарусыздануды бақылау, Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны, Ауғанстан және басқалар.
Ассамблея Жалпы комитеттерінің басшылары мен лауазымды адамдарының сайлауы болды.
Есепті мерзімде Ұйымның дамуына зор үлесі үшін өз әріптестерінен жоғары баға алған ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Жоау Соареш тағы бір жылға Төраға болып сайланды.
Сессия аясында қазақстандық парламентшілер Литва Республикасы Сеймінің достық тобының төрағасы Эдмундас Пупинис Қазақстан Парламентімен ынтымақтастық тобының мүшелерімен кездесті.
Литва парламентшілері Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары бағалады және біздің еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы осы ұйымға Литваның төрағалық етуі аясында өзара тығыз іс-қимылға, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастыққа әзір екенін білдірді.