«Вимм-Билль-Данн» күмәнді өнімі Қазақстанға жеткізілген жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Вимм - Билль - Данн» холдингі тиесілі PepsiCo басшылығы Қазақстандағы компания өніміне және Ресейде аусыл шығуына байланысты тауарды керу қайтару жағдайы туралы түсінік берді. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сауалына коммуникация жөніндегі директор Марина Зибарева жауап берді.
None
None

 «Ополье» ХК өнімі Қазақстан Республикасына жеткізілмеген, жеткізілмейді. Ол Қазақстан нарығында жоқ, болмайды да. Тұтынушылардың алаңдауына негіз жоқ. Қазақстан Республикасындағы сатылымдағы «Вимм-Билль-Данн» компаниясының барлық өнімі қауіпсіздігі, сапасы жағынан заңнама талаптарына сәйкес келеді», -  делінген компания басшылығы берген жауапта.

Ресейде өнімді тәркілеу мәселесіне қатысты айтар болсақ, компания аусыл тіркелгеннен кейін бірден холдингтік компаниядан сүт жеткізуді тоқтатқанын хабарлады. «Бізге Владимиров облысы шаруашылықтарының бірінде аусыл тіркелгенін хабарлағаннан кейін, «Ополье» ХК кәсіпорнына бұл шаруашылықтан сүт жеткізуді тоқтаттық», - деді ол.

Өніміміздің қауіпсіздігіне сенімді болғанымызға қарамастан, біз «Роспотребнадзор» ұсыныстарын ескеріп, 01.10.2016 .01.10 - 2016. 19.10   кезеңінде «Ополье» ХК шығарған сүт өнімдерінің белгілі бір ассортиментін айналымнан алу шешімін қабылдадық. Қазіргі уақытта барлық өнім Ресей сауда нүктелерінен алынған. «Ополье» ХК өнімі ҚР-ға жеткізілмеген, жеткізілмейді де», - деді М. Забирова.

Соңғы жаңалықтар