Виталий Жуковский «Атырау» футбол клубына қанша ойыншыны шақырды
АТЫРАУ. KAZINFORM – «Атырау» футбол клубының бас жаттықтырушысы Виталий Жуковский бірнеше ойыншыны ерте келді. Жаңа ойыншылардың арасында легионерлер де, қазақстандықтар да бар.

Бас жаттықтырушы Виталий Жуковский «Тұран» командасынан 1 қақпашы, 3 ойыншыны «Атырауға» ауыстырды. Оның 3-еуі – белорусьтік, 1-еуі – черногориялық футболшы.
Легионердің бірі – белорусьтік қақпашы Егор Хаткевич. Бірақ, ол «Атырау» үшін жаңа ойыншы емес. Өйткені, 2023-24 жылдары аталған клубтың қақпасын қорғап, Премьер-лигада үздік қақпашының бірі болған.
– Егор Хаткевич «Атырау» сапында 30-дан астам матч өткізді. Ол 21 матчта өз қақпасына доп жібермеді, -деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Клуб басшылығы шабуылшы Василий Совпель мен қорғаушы Руслан Юденковке үміт артып отыр. Екеуі де – белорусьтік футболдың түлегі.
Виталий Жуковскийдің өзімен бірге ерте келген ойыншының қатарында черногориялық жартылай қорғаушы Горан Милойко да бар. «Атырау» футбол клубымен келісімшартқа отырған дейін «Тұран» сапында доп тепкен.
Сондай-ақ, ресейлік 19 жастағы шабуылшы Константин Дорофеев те «Атыраудың» ойыншысы атанды. Оның еншісінде Ресей U21 жастар құрамында 2 ойында соққан 1 гол бар.
«Атырау» футбол клубының құрамына 3 қазақстандық жас ойыншы шақырылды. Оның 2-еуі қорғаныс шебінде ойнайды. Біреуі – қақпашы.
Мәселен, Вадим Яковлев – жартылай қорғаушы, мансабын павлодарлық «Ақсу» клубында бастағанымен, кейін молдовалық «Динамо-Авто», «Бэльц» клубтарында ойнаған. Сонымен бірге, «Ақсу» ФК сапында Қазақстан Бірінші лигасының жеңімпазы атанған.
Ал, «Астана» футбол клубының түлегі Бауыржан Ахаев – қапталдағы қорғаушы. Елордалық клубтың жастар құрамында, «Алтай» футбол клубында тәжірибесін жетілдірген.
Елордалық жас футболшы Әлішер Сүлеймен «Атырау» футбол клубының қақпасын қорғауға бекініп отыр. «Жеңіс» футбол клубының түлегі Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасының қақпасын қорғаған.
– Әлішер Сүлеймен Қазақстан Бірінші лигасында 50 ойын өткізді. Оның ішінде 15 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ, - деп мәлім етті клубтың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Виталий Жуковский қайтадан «Атырау» командасының бас жаттықтырушысы болғанын жазған болатынбыз.
Кейін Виталий Жуковскиймен бірге «Атырау» футбол клубына кімдер кері оралғанын хабарлаған едік.