18:44, 12 Шілде 2010 | GMT +5
"Витебскідегі славян базары" халықаралық конкурсында жеті жасар қазақстандық өнерпаз үшінші жүлдеге ие болды - БЕЛТА
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Румынияның өкілі Марио ХІХ «Витебскідегі славян базары» аясында өткізілген «Витебск-2010» VIII халықаралық балалар музыкалық конкурсының Гран-приін жеңіп алды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Бірінші жүлдені Грузиядан келген Лизи Никвашвили иеленді. Екінші жүлдені Беларусьтің көршілерінің өкілдері - Борис Былицки (Польша) мен Ольга Тимошенко (Украина) өзара бөлісті. Үшінші жүлдені де халықаралық балалар алқасының мүшелері екі қатысушыға бөлу туралы шешім қабылдады. Оған беларусь өкілі Злата Ларченко мен биылғы жылғы конкурстың ең жас қатысушысы жеті жасар қазақстандық Айару Орманова ие болды.
Биылғы жылы балалар конкурсына 19 елден 22 орындаушы қатысты, оның ішінде алғашқы рет - Нидерланды мен Черногорияның өкілдері де бар.