Вице-министр Тұрысовтың жұбайы мүлікті жалға беруден тапқан табысын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрлігінің сайтында ведомстводағы лауазымды тұлғалардың кірістері туралы мәлімет жарияланды.

Астанада жоқ үйлерді жалға беріп, алаяқтықпен айналысқан әйел адам ұсталды
Фото: Астана әкімдігі

Бірден айту керек, өзі мен жұбайының табысы мен мүлігі туралы декларация мәліметтерін вице-министр Әсет Тұрысов қана жариялаған. 2024 жылы оның жұбайы Жібек Тұрысова 6 млн 800 мың теңге табыс тапқан.

Министрліктің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне бұл табыстың мүлікті жалға беруден түскенін айтты.

Министр Мәди Такиев пен ведомствоның өзге лауазымды тұлғалары неге табысы мен мүлкі туралы мәлімет жарияламағанын ведомство былайша түсіндірді:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы «Жарияланатын ақпарат тізбесін бекіту туралы» №26 бұйрығына сәйкес жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер ғана жарияланады. Егер тізілімнің тармағына сәйкес көрсетілетін табыс болмаған жағдайда, аталмыш мәліметтерді жариялау жүргізілмейді, - деп жазылған ресми жауапта.

Басқаша айтсақ, министрліктің өзге лауазымды тұлғалары мен жұбайлары 2024 жылы декларацияға ашып көрсететін кіріс алмаған.

Жалпы бұл ведомствода 6 саяси лауазымдағы тұлға жұмыс істейді. Бұған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қызметшілердің декларациясы неліктен әлі жарияланбай жатқанын түсіндірген еді. 

Соңғы жаңалықтар