18:39, 18 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Вице-министр: Roblox-ты бұғаттау жоспарымызда жоқ
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Roblox онлайн ойындар платформасын бұғаттауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлім етті.
— Roblox бойынша айтсақ, біз App Store-ге де, Google Play-ге де жүгінген жоқпыз. Қазіргі сатыда Roblox-ке қол жеткізу деңгейін шектеуді және бұғаттауды қарастырып жатқан жоқпыз. Заңнама бойынша Roblox онлайн-платформа емес. Демек 16 жасқа дейінгі балалардың онлайн платформаларда тіркелуін шектейтін норма енгізілген күннің өзінде қазіргі сатыда ол Roblox-ке әсер етпейді, — деді вице-министр Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Бұған дейін Ресей Федерациясы Roblox ойын платформасын бұғаттағанын жазған едік.