Владимир Беккер ерлік көрсеткен елордалықтарды марапаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ерлігімен көзге түскен елордалықтарды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Қазақстан полициясы күні мен Мемлекеттік қызметші күніне орай, адам өмірін құтқарған азаматтар батылдығы, қайсарлығы және азаматтық борышын адал орындағаны үшін марапатталды.Салтанатты шарада ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Исмағұлов Нұрсұлтанға және Әлібек Бақдәулетке «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерін табыстады», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.null null

Владимир Беккер батырларға алғыс айтып, олардың жылдам әрекет етуі арқылы бірнеше адамның аман қалғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 8 маусымында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 2 курс студенті, 21 жастағы Нұрсұлтан Исмағұлов Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өртте батылдық танытып, үш баланы құтқарған болатын.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 26 наурызында елорданың Ұлы Дала көшесі бойында үш автобус пен бірнеше жеңіл автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Сол сәтте №303 бағдардың жүргізушісі Бақдәулет Әлібек кері бағытта өтіп бара жатқан. Жүргізуші көлігін тоқтатып, апат құрбандарын құтқаруға асыққан. Оның қолғабыс етуімен құтқару бөлімшелері келгенше автобустан 30-дан астам адам құтқарылды, оның ішінде балалар да бар.

Соңғы жаңалықтар