Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері болды

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжірибелі қазақстандық маман Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. 

Владимир Чебурин «Атырау» футбол клубының бас бапкері болды
Фото: «Атырау» футбол клубы

Владимир Чебурин спорттағы жолын Қарағанды қаласында бастап, жергілікті «Шахтер» клубында доп тепкен. 

Бапкер ретінде Қарағандының «Шахтер» клубымен бірге 2009 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. Сонымен қатар ел кубогының финалына жолдама алды. Оған қоса «Окжетпес» клубын қайтадан Қазақстан Премьер-лигасына алып шықты.

отандасымыз халықаралық деңгейде де айтулы табыстарға жетіп, Литваның «Судува» клубымен бірге үш рет ел чемпионы болды. Сондай-ақ команда Еурокубоктарда сәтті өнер көрсетіп, UEFA турнирлерінің плей-офф кезеңіне дейін жетті. Кейін Литваның «Жальгирис» клубымен бірге үш мәрте ел чемпионы және екі рет Литва кубогының жеңімпазы атанды. Cондай-ақ Владимир Чебурин Литвада үш рет «Жыл бапкері» атағына ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігі басталар алдында «Атырау» командасы бас бапкерсіз қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум