Владимир Ким «Қазақмыс» директорлар кеңесінің басшысы қызметінен кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» директорлар тобы кеңесінің төрағасы Владимир Ким өзінің өкілеттіліктерін кеңестің тәуелсіз төрағасына тапсыру шешімі туралы жариялады.
None
None

Бұл туралы бүгін компанияның баспасөз қызметі таратқан ресми мәлімдемесінде айтылады.

Жақын уақытта директорлар кеңесі жаңа кандидатураны таңдау процесін бастап, өкілеттілікті тапсыру процесін акционерлердің  келесі жалпы жылдық жиналысына дейін тапсыруды жоспарлауда, деп атап өтіледі баспасөз хабарламасында

«20 жылға жуық менің кәсіби қызметім «Қазақмыспен» байланысты болды. Бұл жылдары көп нәрсеге қол жеткізілді - компания лондондық, қазақстандық және гонконгтық қаржы биржаларында листингті іске асырды, өсімнің ірі жобаларын қаражаттандырып, оларды іске асыруға кірісті. Бұл директорлар кеңесі тәуелсіз төрағасының пайда болуы үшін жақсы уақыт», - деп мәлімдеді В.Ким.

Бұл ретте ол «компаниядағы өзінің акциялар пакетін қысқартпайтынын» атап өтті. В.Ким сондай-ақ өкілеттілігін тапсырған соң директорлар кеңесі құрамындағы атқарушы емес директор ретінде топ қызметіне бұрынғыдай белсенді қатысатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар