Владимир Путин қазақстандық актерді Достық орденімен марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Юрий Померанцев ресейлік Достық орденімен марапатталды.
None
None

Ресей Президенті Владимир Путиннің жарлығымен Юрий Померанцев ұлттар мен халықтар мәдениетін өзара байыту мен жақындастырудағы жемісті еңбегі үшін наградталды.

Құжат Кремльдің ресми сайтында жарияланған.

Орденді М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 85 жылдығына арналған салтанатты кеште Ресей Федерациясының бас консулы Евгений Бобров иесіне тапсырды.  

Соңғы жаңалықтар
Референдум