Владимир Путин ресми сапармен Қырғызстанға барады
11 қазанда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қырғызстанға ресми сапармен барады. Тараптар Қырғызстандағы шағын АЭС құрылысын талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша сапар барысында Садыр Жапаровтың Владимир Путинмен екіжақты келіссөзі жоспарланған. Екі елдің көшбасшылары өзара тиімді серіктестікті дамыту мәселелерін талқылайды.
Дегенмен, “Ой Ордо” Сарапшылар бастамасы орталығының халықаралық қатынастар бойынша сарапшысы Байқадам Құрамаевтың пікірінше, мемлекет басшылары ҚР биоқауіпсіздігі туралы заң қабылдауды сөз етеді.
Ол ТМД елдерінің бәріне тиімді әрі қырғыз қоғамының ортақ келісімінен кейін ҚР-да кіші АЭС құрылысына қатысты Ресейдің Қырғызстанмен жұмысын бастауына көмектеседі.
Сондай-ақ сарапшы екіжақты серітестік аясында мемлекет басшыларының Кант қаласындағы ҰҚШҰ авиация базасының ашылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылатын салтанатты іс-шараға қатысуы жоспарланғанын атап өтті.
Бұған дейін 13 қазанда Қырғызстанда ел президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшыларының отырысы өтетіні хабарланған болатын.