Владимир Смирнов Қазақстанда шаңғы спортын дамытуға қатысты жоспарымен бөлісті

АСТАНА. KAZINFORM – Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Шаңғы спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті Владимир Смирновтың қатысуымен федерация жаттықтырушыларының кеңесі өтті.

Футбол
Фото: kazfootball.kz

ҚР Туриз және спорт министрлігі атап өткендей, жиында федерацияны қайта құру, өңірлерде бұқаралық спортты дамыту, жастар құрамасының жаттықтырушылар құрамын бекіту, сондай-ақ 2024-2025 жылдардағы жарыс маусымына спортшыларды іріктеу қағидаттарын бекіту мәселелері талқыланды.

Владимир Смирнов жаттықтырушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Қазақстанның шаңғы спортындағы негізгі мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ ол халықаралық аренада отандық шаңғы спортының деңгейін арттыру үшін басым міндеттерді белгіледі.

«Алдымызда маңызды жұмыстар тұр. Ел спортшыларының жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін ерекше күш-жігер мен жүйелі жаттығу үдерісіқажет. Сапалы жұмыстың нәтижесінде бұрынғы жетістігімізді қайталауға мүмкіндік туады», - деп атап өтті Владимир Смирнов.

Жуырда Щучье қаласында шаңғы роллерінен Әлем кубогінің II кезеңі өтті. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы 12 жүлдеге ие болды. Анастасия Хвощенок, Айдана Чонконова, Аида Хажиева, Әмірғали Мұратбеков, Григорий Дачкин және Берік Боранбаев үздік нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар