13:54, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Владимир Смирновқа «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Владимир Смирновқа «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен аппарат кеңесінде белгілі болды. Аппарат кеңесінде өңір басшысы есімі елге танымал Владимир Смирновқа «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағымен бірге спортшының суреті салынған картинаны сыйға тартты. Өз кезегінде Владимир Смирнов жерлестерінің құрметіне ризашылығын білдіріп, облыс әкіміне өзінің өмірбаяны жайлы жазылған кітапты тарту етті.
Айта кетейік, Щучье қаласының тумасы Владимир Михайлович Смирнов - Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы және КСРО мен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы.