Владимир Зеленский Еуроодақ саммитіне келді

АСТАНА. KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский Брюссельде өтіп жатқан ЕО-ның кезектен тыс саммитіне келді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Зеленский прибыл на саммит Евросоюза
Фото: Видеодан скриншот

Күннің бірінші жартысында Зеленский ақпан айының басында қызметіне кіріскен Бельгияның премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті.

Содан кейін Украина басшысы Еуропалық кеңеске келді, оны Урсула фон дер Ляйен және Антонио Кошта қарсы алды.

Қазіргі саммиттің негізгі мәселелері ЕО-ның Украинаға қолдау көрсетуі және ЕО-ның қорғаныс қабілетін арттыру.

Бұған дейін Владимир Зеленский АҚШ пен Украина келіссөздерінде «оң қозғалыс» барын және екі тарап та алдағы кездесуді пысықтай бастағанын айтқан.

Ақорда
Ұқсас жаңалықтар

Польшадағы Қазақстан азаматы бостандыққа шықты: Тоқаев шетелдік көшбасшыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты