Владислав Саможонов әлем чемпионатында алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты басталды.

Владислав Саможонов
Фото: ҚБФ

Жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта фавориттердің бірі саналатын Владислав Саможонов 1/8 финалда Хакан Дениз Коскунмен (Түркия) жолы түйісті.

Алғашқы минуттан басымдықты қолға алған отандасымыз раунд сайын қарқынын арттырып, жекпе-жекті өз бақылауына алып, техникалық нокаут тіркеді.

ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, төреші 3-раундта айқасты тоқтатып, жеңісті Владислав Саможоновқа берді.

Бұған дейін шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңіне кімдер қатысатынын жазған болатынбыз.