Вокзалдарды жаңғыртудағы әкімшілік кедергілерді жоятын штаб құрылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан темір жолы алаңында теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың, мердігерлік ұйымдардың және компанияның бейіндік бөлімшелерінің өкілдері кірді. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстанда 120 астам теміржол вокзалын жаңғырту жалғасып жатыр. Нысандардың бір бөлігі жаңғыртудың соңғы кезеңіне өтіп жатыр. Мысалы, еліміздің бес өңіріндегі 20 вокзалда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Жедел штаб әкімшілік кедергілерді алып тастауға, қабылдау-тапсыруды келісу рәсімдерін жеделдетуге, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру үшін барлық ұйымдастырушылық мәселелердің уақтылы шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында мегаполистің негізгі көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік нысандарын аралады.«Алматы-1» вокзалына барған Премьер-министрдің бірінші орынбасары былтыр наурыз айында басталған реконструкциялау жұмысының барысын тексерді.
СҚО-да үш теміржол вокзалында жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын.