Волейбол: «Буревестник» қатарынан үшінші кездесуінде жеңіске жетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Буревестник» қатарынан үш кездесуінде жеңіске жетті.

Волейбол: «Буревестник» қатарынан үшінші кездесуінде жеңіске жетті
Фото: instagram.com/ atyrau_vc

Бұған дейін алматылықтар «Ақтөбе» мен «Жетісу» волейбол командаларынан басым түскен еді.

Бұл жолы Игорь Никольченконың шәкірттері өткен жылғы күміс жүлдегер «Павлодар» клубымен шеберлік байқасып, жеңіске жетті. 

Аса тартысты өткен бәсекеде «Буревестник» командасы  — 3:2 (25:23, 20:25, 25:22, 22:25, 15:6) есебімен үздік шықты. 

Осылайша, 29 ұпай жинаған «Буревестник» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісудың» өз алаңында «Буревестниктен» жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар