Волейбол: «Буревестник» Павлодарда алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM  - Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының екінші туры Алматының «Буревестник» клубы үшін сәтті өтті.

Волейбол: «Буревестник» Павлодарда алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетті
Фото: instagram.com/ atyrau_vc

Игорь Никольченконың шәкірттері барлығы алты кездесу өткізіп, соның бесеуінде қарсыластарын қапы қалдырды.

Алматылықтар «Атырауға» ғана тартысты матчта 2:3 есебімен есе жіберді.

Соңғы турда «Буревестник» көш соңындағы «Ұшқын-Көкшетаумен» кездесті. Бірінші партияда алматылықтар айқын басымдық көрсетті – 25:14. Екінші сетте көкшетаулықтар таразы басын теңестірді – 25:19. Бірақ одан әріге шамасы жетпеді – 20:25, 17:25.

Осылайша, «Ұшқын-Көкшетауды» 3:1 есебімен жеңіп, ұпай санын 22-ге жеткізген алматылық команда онлайн турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Оны «Жайықпен» (Орал) өтетін соңғы ойында ұпай алса, павлодарлықтар басып оза алады.

Екінші турда «Буревестниктен» Сергей Резанов, «Ұшқын-Көкшетаудан» ресейлік Кирилл Власов үздік ойыншы болып танылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Атырау» волейбол клубының екінші турды жеңіспен аяқтағанын жазған болатынбыз.

Cондай-ақ волейболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» екінші орынға көтерілді.