Волейбол: Қазақстан чемпионатында плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Талдықорған қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының төртінші, қорытынды туры мәресіне жетті.

Жетісу волейбол клубы
Фото: instagram.com/vc_zhetysu

Турдың соңғы күні көш басындағы «Жетісу» (Талдықорған) Оралдың «Грация KZ» командасын 3:0 (25:15, 25:17, 25:8) есебімен тізе бүктіріп, ұпай санын 76-ға жеткізді. 

«Ақтөбе» 10-орында қалған Павлодардың «Ертісін» 3:1 (25:18, 25:23, 20:25, 25:17) 3:1 есебімен жеңіп, 32 ұпаймен 6-сатыға тұрақтады.

«Ару-Астананы» 3:0 (25:18, 25:16, 25:20) есебімен ұтқанымен, «Қуаныш» (СҚО) 66 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. 

Осылайша, алғашқы екі орыннан көрінген «Жетісу» мен «Берел» (Өскемен) жартылай финалға бірден жолдама алды. 

Плей-офф кезеңіне шыққан командалар ішінен А тобына «Қуаныш», «Тұран» (Түркістан) және «Алматы» түсті. Сөйтіп өткен жылғы чемпион «Тұран» мен қола жүлдегер «Қуаныштың» бірі медальдан тыс қалатын болды.

Б тобында «Қарағанды», «Ақтөбе» және «Ару-Астана» клубтары өзара сынға түседі.

Топ жеңімпаздары ғана жартылай финалға шығып, «Жетісу», «Берелмен» ойнайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Берел» командасының Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар