Волейбол: «Қуаныш» клубы екінші жыл қатарынан қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер анықталды.

волейбол
Фото: igortravkin555

Үшінші орын бәсекеде «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) екінші кездесуін өткізді.

Кеше Азамат Есімов жаттықтыратын солтүстікқазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бүгін «Қуаныш» айқын басымдылық көрсетті деуге болады – 3:0 (25:13, 25:18, 25:18).

Осылайша, «Қуаныш» өткен жылғы жетістігін қайталады. Ал 2024 жылы ел чемпионы атанған «Тұран» (бас бапкері) биыл жүлдесіз қалды.

Бесінші орын үшін ойында «Қарағанды» клубы ақтөбеліктерді 3:1 (25:17, 23:25, 25:18, 25:23) есебімен ұтып, қарымта қайырды. Енді бұл бәсекеде қосымша үшінші матч ойналады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қуаныштың»» қола жүлде үшін өткен ойында «Тұранды» жеңгенін жазған болатынбыз.

«Жетісу» алтын үшін таласта «Берелден» айласын асырды.

 

Соңғы жаңалықтар