Волейбол: «Қуаныш» өз алаңында «Қарағандыны» тізе бүктірді

АСТАНА. KAZINFORM – Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Қуаныш» (СҚО) пен «Қарағанды» кездесті.

Волейбол: «Қуаныш» өз алаңында «Қарағандыны» тізе бүктірді
Фото: insvolley.kz

Жексенбі күні «Ақтөбені» ұтқан алаң иелері үшінші орынға көтерілген еді.

Азамат Есімовтің шәкірттері бұл жолы өздерін өкшелеп келе жатқан «Қарағандыны» 3:0 (25:20, 25:21, 25:21) есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, 37 ұпаймен үшінші орынға нық жайғасты. Қарағандылықтар 33 ұпаймен төртінші сатыда қалды. 

Көш басындағы «Берел» (Өскемен) мен «Жетісу» (Талдықорған) жеткізе қоймас, дегенмен «Қуаныштың» енді үздік үштіктен шықпауына мүмкіндіктері толық жетеді. 

Сейсенбі күні «Жетісу» — «Астана», «Берел» — «Қарағанды», «Ертіс» — «Грация KZ», «Тұран» — «Ақтөбе», «Қуаныш» — «Алматы» командалары қай мықтыны анықтайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан ел чемпионатында «Берел» мен «Жетісу» командалары алда келе жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар