Волейбол: Оралдың «Конденсатына» жүлделі орыннан көрінуге мүмкіндік бар

ОРАЛ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - 27 наурыз - 4 сәуір аралығында Алматы қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел чемпионатының соңғы - бесінші турының ойындары өтеді.
None
None

«Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің айтуынша, осы турда Қазақстан біріншілігінің жеңімпаз-жүлдегерлері анықталады. Төрт турдан кейін 55 ұпаймен қара үзіп келе жатқан ел чемпионы «Алматы» биыл да тақтан басты үміткер. Екінші орындағы Хромтаудың «ТНК «Казхром» командасына (49 ұпай) да кейінгілердің жетуі екіталай. Ал үшінші орындағы Оралдың «Конденсатының» қоржынында 41 ұпай бар. Оның «Атыраудан» екі-ақ ұпайы артық. Сондықтан негізінен бәсеке қола жүлде үшін қызатын түрі бар. Бұған дейін Атырауда өткен төртінші турда «Конденсат» алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, тек «Алматыға» ғана есе жіберген болатын.

Игорь Никольченко жаттықтыратын «Конденсатты» алға сүйреп келе жатқандардың бірі Орал волейболының түлегі, шабуылшы Виталий Вориводин болса, екіншісі - украиналық легионер, команда капитаны, байланыстырушы Сергей Щавинский. Жоғары лиганың «А» тобында өнер көрсететін «Жайық-Конденсатты» қоса алғанда, батысқазақстандық командада барлығы 24 ойыншы болса, соның екеуі (С.Щавинский мен ресейлік Максим Самарин) ғана - легионерлер, қалғаны - жергілікті волейболшылар.

Соңғы жаңалықтар