Волейбол: «Жетісу» әлемдегі үздік бес клубтың қатарына кірді
АСТАНА. KAZINFORM — Волейболдан әйелдер арасында Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы, биылғы Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы, талдықорғандық «Жетісу» 2025 жылдың қорытындысымен әлемдегі үздіктер қатарына ілікті.
Volleybox.net құрастырған рейтинг бойынша талдықорғандық команда 105 ұпаймен жуырда аяқталған клубтық әлем чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық «Озаскумен» төртінші орынды бөлісті.
Еуропа чемпиондар лигасының жеңімпазы, италиялық «Конельяно» клубы 177 ұпаймен көш бастады. Ал «Конельяноны» Сан-Паулу қаласында өткен клубтық әлем чемпионатының финалында жеңген тағы бір италиялық «Скандиччи» командасы 148 ұпаймен екінші орынға ие болды.
2025 жылдың қорытындысымен Volleybox жорамалы бойынша ТОП-10-ға кірген командалар:
1. «Конельяно» (Италия) — 177 ұпай,
2. «Скандичии» (Италия) — 148 ұпай,
3. «Прайя» (Бразилия) — 131 ұпай,
4. «Жетісу» (Қазақстан) — 105 ұпай,
4. «Озаску» (Бразилия) — 105 ұпай,
6. «Фенербахче» (Түркия) — 99.75 ұпай,
7. «Милан» (Италия) — 99.50 ұпай,
8. «Вакыфбанк» (Түркия) — 97.50 ұпай,
9. «Жешув» (Польша) — 89.75 ұпай,
10. «Альянса» (Перу) — 89 ұпай.
Сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын «Жетісу» Азия чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін 50, Қазақстан кубогын ұтып алғаны үшін 12, Қазақстан чемпиондығы үшін 20, суперкубокқа ие болғаны үшін 5 және клубтық әлем чемпионатына қатысқаны үшін 18 ұпай алған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан әлем чемпионатында «Жетісудың алғашқы ұпайына қол жеткізгенін жазған едік.