Волейбол: «Жетісу» қыздары өскемендік клубтан айласын асырды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты төртінші кіші туры аясында Өскеменде «Берел» мен «Жетісу» шеберлік байқасты.

Волейбол: «Жетісу» қыздары өскемендік клубтан айласын асырды
Фото: instagram.com

Бұл кездесудің қос клуб үшін де маңызы зор еді. Осыған дейін сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын талдықорғандықтар 22 матчта жеңілмеген еді. Ал тағы бір сербиялық Владимир Васовичтің шәкірттері өз алаңында қалайда ұпай алуды көздеген болатын. Дегенмен «Жетісу» 3:0 (25:21, 26:24, 25:18) есебімен мықтылығын дәлелдеп, ұпай санын 67-ге жеткізді.

Петропавлда «Қуаныш» қарағандылықтардан 3:0 (25:22, 25:12, 25:19) есебімен басым түсіп, 60 ұпаймен бұрынғыша екінші сатыда келеді. Үздік үштіктегі «Берелдің» 49 ұпайы ғана бар. Төртінші сатыдағы «Тұран» (Түркістан) «Алматыны» 3:1 (25:18, 25:18, 20:25, 25:17) есебімен тізе бүктірді.

Жүлделі орындар үшін талас осы төрт клубтың арасында өтетін түрі бар. Төртінші кіші тур ойындары жұма күні мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Өскеменнің «Берелі» өз алаңында «Тұранды» қапы қалдырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум