07:30, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасындағы ХХ ел чемпионатының бірінші туры Оралда өтеді
ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасындағы ХХ ел чемпионатының бірінші туры 13-18 қараша күндері Оралда өтеді.
Жоғары лигада 2011-2012 жылғы маусымда «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Алматиночка» (Алматы), «Жетісу-2» (Алматы облысы), «Қостанай», «ҚазЭУ» (Алматы), «Спартак АМТ» (Теміртау), «Қазхром» (Павлодар), «Қарағанды-2» (Карағанды облысы), «Астана-2», «ЦСКА-ВКС» (Алматы), «Қазығұрт» (Шымкент) және «Грация-KZ» (Орал) командалары сынға түседі.
Командалар барлығы бес турдың ойындарын өткізеді. Төрт турдан тұратын екі айналымнан кейін олар қос топқа бөлінеді. Яғни бесінші турда алдыңғы алты команда 1-6 орындар, қалғандары 7-12 орындар үшін күш сынасады.