Волейболдан Азия чемпионатында қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волейболдан еліміздің 18 жасқа дейінгі ерлер құрамасының Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода 15-22 тамыз аралығында Иран мемлекетінде өтеді. Он төртінші мәрте жалауын көтеретін бәсекеде тоғыз құрама қатысады.

А тобында Иран, Қытай Тайпэйі, Қытай, Үндістан және Кувейт бақ сынайды.

Ал В тобында Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд және Қазақстан тайталасқа түседі.

Азия чемпионаты Қытай Тайпэйі мен Үндістан арасындағы кездесуден басталады.

Одан кейін екі дүркін күміс жүлдегері Оңтүстік Корея және Қазақстан құрамалары сынға түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бүкіләлемдік ойындарда қазақстандық Галина Дуванова «күміс» алды.

Сондай-ақ, хоккейден «Барыс» командасының бапкерлер құрамы белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар
telegram