Волейболдан ел чемпионаты: «Ақтөбе» командасы жартылай финалда «Жетісуды» жеңді

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық ойыны өтті. Алаңда «Ақтөбе» мен «Жетісу» командалары кездесті. 

волейбол
Фото: Қазақстан волейбол командасы

Сергей Трикоз жаттықтыратын ақтөбеліктер 3:0 (25:19, 25:21, 25:16) есебімен жеңіске жетті.

«Ақтөбе» ертең екінші ойында қарсыласын жеңсе, финалға жолдама алады.

Өткен жылғы күміс жүлдегер «Павлодар» 5-8 орындар үшін бәсекеде «Есілді» 3:1 (25:17, 23:25, 25:16, 25:21) есебімен тізе бүктірді. Ал, 2024 жылғы чемпион «Тараз» Алматының «Буревестник» командасына жол берді — 0:3 (23:25, 20:25, 22:25).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Жетісу» клубының финалға шығу үшін «Ақтөбемен» таласатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар