Волейболдан ел чемпионатында «Берел» жартылай финалда «Жетісу» командасын ұтты

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының шешуші ойындары өтуде.

волейбол
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Бірінші жартылай финалдық матчта «Берел» (ШҚО) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары өзара кездесті.

Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын өскемендіктер сербиялық Марко Гршичтің шәкірттерін 3:0 (25:14, 25:21, 25:20) есебімен ұтты.

Тағы бір жартылай финалда «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) клубтары шеберлік байқасады.

Екі кездесуде жеңіске жеткен команда финалға жолдама алады. Ал есеп 1:1 болса, 16 наурыз күні тағы бір матч ойналады.

Қалған клубтар 5-8 орындар үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан әйелдер командалары арасында плей-офф бәсекелері басталғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар