Волейболдан ел чемпионатының алғашқы турында қызылжарлық жігіттер көш бастап келе жатыр

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда волейболдан Жоғары лиганың «А» дивизионындағы ерлер командалары арасында 2013/2014 жылғы Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтуде.
None
None

Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша тек Қызылжардың «Есіл-Викториясы» ғана жеңіліссіз келе жатыр. Қазір олар 3 кездесуде мүмкін болған ең жоғары 9 ұпайды түгел иеленіп, турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Динамо-Қазығұрт» (Шымкент) 7 ұпаймен екінші, «Ұшқын-ҚазҰАУ» (Алматы) мен «Семей»6 ұпаймен 3-4 орынды бөлісуде. Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (5 ұпай), Оралдың «Жайық-Конденсат» (3 ұпай), «Павлодар-2» (1 ұпай) және қоржыны бос келе жатқан Теміртаудың «ВСМК АрселорМиттал» командалары турнир кестесін түйіндеуде. Жалпы теміртаулықтар алғашқы тур ойындарына келмегеніне байланысты барлық кездесуде олардың қарсыластарына 3:0 есебімен техникалық жеңіс тіркелмек.

Ертен командалар енді бір күн тынығып, сенбіде жарысты қайта жалғастыратын болады. Дүйсенбі күні басталған бұл сайыстың қорытындысы алдағы дүйсенбідегі ақтық ойыннан соң белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар