Волейболдан ел чемпионы «Тұран» командасы «Ақтөбеден» басым түсті

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе» кездесті. 

волейбол
Фото: видеодан алынған скрин

Өткен жылғы ел чемпионы «Тұран» ақтөбеліктерді 3:1 (25:16, 24:26, 25:22, 25:16) есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Асқар Шалқыбековтің шәкірттері 31 ұпай жинап, төртінші орынға жақындай түсті.

Төртінші сатыда 33 ұпаймен тұрған «Қарағанды» командасы қатарынан үшінші рет жеңіліп қалды. 

Өз алаңында «Алматыдан» 3:0 (25:16, 25:17, 25:17) есебімен айласын асырған «Қуаныш» командасы ұпай санын 40-қа жеткізіп, үздік үштікті түйіндеп тұр.

Клубтар сәрсенбі күні демалып, бейсенбіде ойындар қайтадан басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Грация KZ» Павлодардың «Ертісінен» басым түскенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар