Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Жайық» «Есілден» басым түсті

ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда влейболдан өтіп жатқан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХІІ Қазақстан чемпионаты үшінші турының кезекті ойындары мәресіне жетті.

волейбол
Фото: Pexels

Бұл жолы тартысты кездесу жергілікті «Жайық» пен солтүстікқазақстандық «Есілдің» арасында болды.

Бес сетке созылған бәсекеде Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар 3:2 (23:25, 32:30, 18:25, 25:16, 15:11) есебімен жеңіске жетті.

«Есіл» 28 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келе жатса, «Жайық» (32 ұпай) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ел чемпионы «Павлодар» 44 ұпаймен көш бастаса, «Ақтөбені» 3:0 (25:15, 25:15, 25:15) есебімен тізе бүктірген «Тараз» (33 ұпай) екінші сатыға көтерілді.

Оралдағы үшінші тур 19 қаңтарда аяқталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Павлодардың» «Жайықты» екінші рет ұтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар