Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» клубы «Павлодарды» жеңді
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында плей-офф ойыны өтті.
«Жайық арена» спорт кешенінде «Жетісу» мен «Павлодар» еңм мықтыны анықтады.
Сергей Грибов жаттықтыратын павлодарлықтар кеше «Таразды» 3:1 есебімен жеңген болатын. Бүгін «Жетісуды» жеңген жағдайда «Павлодар» жартылай финалға шығатын еді.
Бірінші партияда Максим Мищенко доп берген сәттерде «Павлодар» алға кеткенімен, сол басымдылықты сақтап тұра алмады — 26:28.
Қалған екі сетте Марат Адрышевтің шәкірттері есесін жібермеді — 25:20, 25:16. Қорытынды есеп — 3:0.
Ертең «Тараздан» айласын асырса, «Жетісу» жартылай финалға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Павлодар» клубы волейболдан плей-офф кезеңін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.